Тілдік нұсқа
Радио

Фото

РАНТ мүшесі «Болашақ» колледжі студенттерімен кездесті
24 мамыр, 2024 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы, «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Құсанбаев Бекзат Азатбекұлы Қарағаныды облысына барған сапары барысында «Болашақ» колледжінің студенттерімен кездесті.

Кездесуде РАНТ мүшесі жастарға «Білім сарқылмас қазына» тақырыбында тағылымға толы уағыз айтты.

«Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену» деп атап өтті.

Кездесуде студент жастар жат ағымдардан сақтану бағытында және өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, Бекзат Азатбекұлымен еркін пікірлесті.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары