Тілдік нұсқа
Радио

Фото

РАНТ мүшесі «Әнет баба» мешітінде жұма намазын өткізді
24 мамыр, 2024 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

  Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы, «Халифа Алтай» мешітінің  ұстазы Құсанбаев Бекзат Азатбекұлы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.

 «Қажылық бес парыздың бірі» тақырыбында уағыз айтқан РАНТ мүшесі: «Қажылық ғибадатын қазақ халқы ерекше құрметтеп, оны «Ұлы сапар» деп атаған. Қажылыққа барып келген адамды «қажы» деп қадірлеп, төрге шығарып, батасын алуға тырысқан. Қажылық құлшылығы Алла Тағаланың бұйрығы болғандықтан оны орындауда пендеге сабырлық қажет. Себебі күннің аптап ыстығында құлшылық жасау, мұсылмандар топтасқан қоғамдық орындарда кезек күту, иық тірескен көпшілікпен бірге Қағбаны бірнеше мәрте тауап ету, жамаратқа тас атуға жаяу апаратын ұзақ жол, ыстықта шөл қысу, қажылық кезінде ыңғайсыз жайттар орын алса ұстамды болу т.б. істерді сабырлы жан ғана атқара алады. Міне, осы сабыры үшін Алла Тағала ол адамға зор сыйлықтар уәде еткен»,-деді.    

Жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасап, Алла Тағаладан биылғы қажылық сапарына ниет етіп отырған жандардың ниетін қабыл етіп, ұлы сапарға амандықта барып келулерін, қажылықтары қабыл болған қажылықтар қатарында болуын  тіледі.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары