«Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында республика бойынша 766-пәтердің кілті табысталды.
Бұл жолы табысталған қызметтік пәтердің кілті Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің наиб имамы Жакипов Бақытжан Жораханұлына табысталды. Баспананың кілтін Астана қаласынан арнайы ат терлетіп келген «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы табыстады.
Сондай-ақ, «Ауызбіршілік танытып, игі шараға атсалысқан жандарға алғысымызды білдіреміз», – деді Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы. Өз кезегінде пәтерге ие болған Бақытжан Жораханұлы «Ел үлесі – пәтерге» жобасын ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер