Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«QAMQOR-SHARAPAT» орталығының директоры Үштөбедегі мәйітхананың қызметімен танысты
29 мамыр, 2024 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды өңіріне қызметтік сапармен арнайы келген «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы облысқа қарасты Бұқар Жырау ауданы,  Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің жанындағы орталықтың қызмет барысымен танысты.

Шараға  облыс бас имамы  Әбдіғали Естай Айтуғанұлы және орталықтың өңір бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы қатысты.   

«Қажыбай қажы» мешітінің наиб имамы Аманбол Рымқұлұлы қонақтарға орталықтың қызмет барысынан хабар беріп, толықтай таныстырды.  

Жаназа және жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру мақсатында қызмет етіп жатқан салттық діни рәсімдер орындалатын ғимарат барлық талаптарға сай жабдықталған.

Шара барысында орталықтың директоры Мейрамбек Қабылбекұлы өзекті мәселе болып табылатын жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру, жаназа, ас беру кезіндегі дәстүр, әдеттерді жүйелеу, мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғат шарттары бойынша қандай болу керектігіне тоқталып, егжей-тегжейлі баяндап түсіндірді.

Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде өтетін барлық діни рәсімдер мен  жөн-жоралғылар орталықтың талаптарына сай өткізіледі.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары