ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы аймаққа қарасты қалалық «Бала қажы» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀
⠀
«Қажылық - бес парыздың бірі» тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Қажылық ғибадатын қазақ халқы ерекше құрметтеп, оны «Ұлы сапар» деп атаған. Қажылыққа барып келген адамды «қажы» деп қадірлеп, төрге шығарып, батасын алуға тырысқан. Қажылық құлшылығы Алла Тағаланың бұйрығы болғандықтан оны орындауда пендеге сабырлық қажет. Себебі күннің аптап ыстығында құлшылық жасау, мұсылмандар топтасқан қоғамдық орындарда кезек күту, иық тірескен көпшілікпен бірге Қағбаны бірнеше мәрте тауап ету, жамаратқа тас атуға жаяу апаратын ұзақ жол, ыстықта шөл қысу, қажылық кезінде ыңғайсыз жайттар орын алса ұстамды болу т.б. істерді сабырлы жан ғана атқара алады. Міне, осы сабыры үшін Алла Тағала ол адамға зор сыйлықтар уәде еткен»,-деді. ⠀
⠀
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
Пікірлер