Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды қалалық «Төле би» мешітіне жаңа имам тағайындалды
04 маусым, 2024 жыл 318 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қарағанды қалалық «Төле би»  мешітіне имам тағайындалды. ⠀
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы  бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы мешітке жиналған жамағатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқи отырып, «Төле би» мешітінің  имамы  Жумагулов Рашид Орысбайұлын  таныстырды. ⠀

Осы кезге дейін Қарағанды облысы, Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келген Рашид Орысбайұлының діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, алдағы еңбек жолына сәттілік тіледі. 
Ал, мешіт ақсақалдары жаңа имамның қызметіне береке тілеп батасын берді. 

Жумагулов Рашид Орысбайұлы

Білімі: 

2010-2013 жж. Астана қаласы, «Астана» медресе-колледжі;
2016-2019 жж. "Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті;


Қызмет өтілі:

2013-2014 жж. Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр»  мешітінің наиб имамы;
2014-2016 жж. Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Қайнар ауылдық мешітінің имамы;
2016-2021 жж. Қарағанды қалалық "Бала қажы" мешітінің наиб имамы;
2024 жылдың қаңтар айынан бері Қарағанды облысы, Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары