Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды қаласының қасапханалары жоғары деңгейде қызмет көрсетуде
16 маусым, 2024 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы күні Қарағанды қаласындағы арнайы құрбандық шалынатын орындар барлық шариғат және тазалық талаптарына сай қызмет көрсетті. Мекемеде қасапшылар малды шариғат шеңберіндегі ережелерді ұстана отыра жүзеге асырып, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға теңдей үлестірді.

Ұлық мейрамның құрметіне орай облыстық "Әнет баба" мешіті атынан қасапхана жанынан арнайы қазақы киіз үй тігіліп, құрбан шалуға келген мұсылман қауымға дәм берілді. "Дін мен дәстүр" бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы құрбан айт мейрамының құндылығы жайында насихат айтты.

Айта кетейік, биыл да  Қарағанды қаласындағы үш мекен-жайда құрбандық шалынуда.

  1. Резник көшесі,18 («Абишев А.О.»ЖК)
  2. Н.Гоголь көшсі, 2/23 («Арай KZ» ЖШС)
  3. С.Сейфуллин көшесі, 53 («Хасенов» ШҚ)

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары