Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандыда құрбан айт мейрамы отбасылық деңгейде аталып өтті
17 маусым, 2024 жыл 158 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамасымен қасиетті  құрбан айт мейрамының алғашқы күні Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде отбасылық деңгейде аталып өтті.

Шараның ашылу шымылдығын ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы ашып, жиналған қауымды құрбан айт мерекесімен құттықтады. 

Сонымен қатар, шараның мән - мақсатын жеткізіп, ұлық мейрамның қадір-қасиеті жайлы насихат айтты.

Шара барысында Қарағанды қаласындағы ата-ананың қарауынсыз қалған бүлдіршіндерге ыстық ас пен ойыншықтар үлестірілді. 

Берекелі шарада бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында айттық таратылып, тегін балмұздақтар мен тәттілер және ойыншықтар үлестірілді.

Жылдағы дәстүр бойынша мешіт ауласында жиналған дүйім жамағат қазақтың ұлттық ойындары "қой көтеру" және "кір тасын көтеруден" бақ сынасты. Жеңімпаздар қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Қарағанды қаласындағы халал сертификатын иеленген он сегіз  мейрамхана мен кондитерлік өнімдер өз өнімдерін ұсынып, мерекенің  сәнін келтірді. 

Бүлдіршіндердің құрметіне аниматорлар өнер көрсетіп, ойындар ойнатылды. Жамағатқа тегін палау үлестірілді.

Отбасылық деңгейде атап өтілген діни мереке қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары