Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешіті толық күрделі жөндеуден өтті
22 маусым, 2024 жыл 150 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Теміртау  қаласындағы көне мешіттердің бірі – «Жақып Ақбай» мешіті күрделі жөндеуден өтіп, өз жамағатына есігін қайта  ашты.

Жөндеуден өткен мешіттің ашылу шарасына Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, қала имамдары, қадірлі қариялары, ардагерлер, мешіт жамағаты қатысты. 

 Қасиетті жұма күні ел игілігіне берілген Алла үйінде облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы “ Исламдағы терең ойланудың мән- мағынасы мен орны” тақырыбында уағыз- насихат айтып, аймақ жамағатына құттықтауын жеткізді.

Дін жанашырларының мұрындық болуымен жөндеу жұмыстарына арнайы қаражат бөлініп, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей қолдауымен жүзеге асқан игі шараның нәтижесінде күрделі жөндеуден өтіп, ұлғайтылған «Жақып Ақбай» мешітінде 1000 ға  жуық жамағат бір мезгілде намаз оқи алады. 

Мешітте сонымен қатар, имамдар бөлмесі, қызметтік пәтер, ерлер мен әйелдер намаз оқитын және дәріс алатын бөлме, қызметшілер бөлмесі, асханасы, сонымен қатар жамағаттың сырт киімдерін шешіп, арнайы дәрет алатын бөлмелермен  толық қамтылған.

Екі жылға жуық уақыт жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сәтті аяқталған мешіт ғимараты көз тартарлықтай сәнді де салтанатты күйінде  жамағаттың  игілігіне берілді.

Көптен күткен жаңа мешітте жұма намазын оқып, ғибадат жасаған шаһар тұрғындары игі істі жүзеге асырған дін қызметкерлеріне ризашылықтарын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары