Қарағанды облысындағы «ALAQAI» жартылай дайын фабрикаттар кәсіпорнына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификаты табысталды. Кәсіпорын ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өту барысында2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар»стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды. Арнайы сертификатты Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер