ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі және облыстық дін істері басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен Қарағанды қаласы мешіттерінің жамағаттары арасында дәстүрге айналған футболдан «Теңбіл доп» атты кезекті турнир болып өтті.
Жамағаттың бірлігін нығайту мақсатында жүзеге асырылған доп додасына облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған аймаққа қарасты мешіттер арасынан сегіз команда жасақталып, өзара бақ сынасты.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұратын турнирдің мақсаты –мешіт жамағаттары арасында бірлік пен бауырмалдықты арттыру. Сондай-ақ, қоғамға және жамағат арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын «Әл Машани» мешіті (150 000 тг);
ІІ орын «Қамзе ата» мешіті (100 000 тг);
ІІІ орын «Төлеутай ата» мешіті (50 000 тг).
Сонымен қатар, «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша «Қамзе ата» мешіті (20 000 тг);
«Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша «Төлеутай ата» мешіті (20 000 тг);
«Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша «Қазыбек би» мешіттерінің (20 000тг) жамағаттары марапатталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер