Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Ағашты жердің ырысы мол...
25 сәуір, 2016 жыл 1320 Басып шығару нұсқасы
ҚМДБ-ның биылғы жылы көктем мезгіліне тапсырылған «Бабалар еккен шынарды, балалар саялайды» атты қайырымдылық акциясының негізінде Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен мешіт ауласында тазалық жұмыстары мен тал егу шарасы өткізілді.

 

ҚМДБ-ның биылғы жылы көктем мезгіліне тапсырылған «Бабалар еккен шынарды, балалар саялайды» атты қайырымдылық акциясының негізінде Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен мешіт ауласында тазалық жұмыстары мен тал егу шарасы өткізілді. Қайырымдылық акцияға мешіт жамағаттары мен шәкірттер, ақсақалдар, мешіт қызметкерлері және де Қарағанды облыстық орталық мешітіне уағыз-насихат жұмысымен арнайы келген ҚМДБ-ға қарасты РАНТ бөлімінің мүшесі, ұстаз Ризабек Батталұлы да қатысып, өз қолымен мешіт ауласына жеміс ағашын отырғызды. Акция барысында барлығы 250-300 түп жеміс ағаштары егілген. Олардың ішінде, алма, шие, шабдалы, жүзім, қараөрік секілді ағаштар да бар. Сондай-ақ, мешіт ауласындағы шырша, қарағай, терек, қайың сынды ағаштардың түбі қопсытылып, суарылды. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша жастар ісі бөлімінің өкілі Н.Оразалыұлы қайырымдылық акциясына белсене қатысып, мешіт ауласын жасыл желекке бөлеген барша жамағатқа алғысын айтып шығарып салды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары