Қарағанды облыстық орталық мешітінде қасиетті Миғраж түнінің құрметіне Құран хатым етілді. Бір хадисте: «Қандай да бір қауым Алланың үйінде жиналып Алланың Кітабын оқып, араларында үйренсе, оларға тыныштық түседі, Алланың мейіріміне бөленеді, оларды періштелер қоршайды және Алла оларды қасындағылардың жанында еске алады» - деген. Тұрақты мешітке келуші әйел жамағатына Құран Хатым еткен Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Дархан Асылтайұлы, қасиетті түндерде Құран хатым етуді апа-әжелеріміздің әдетке айналдырғандығын айтты.
Пікірлер