Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАЗАҚ ҰСТАЛАРЫ ОСМАНЛЫ ӘСКЕРІН ҚЫЛЫШ ЖӘНЕ ҚАНЖАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕН (ФОТО)
01 қыркүйек, 2016 жыл 1858 Басып шығару нұсқасы

Түркияда қазақ ұсталарының қолтаңбасы қалған пышақтар мен кездіктерге сұраныс ерекше. Бір пышаққа тапсырыс бергеннен кейін әлгі пышағының қолына тиюі үшін 5 ай кезекке тұруына тура келеді.

Осыдан 300 жыл бұрын алып Османлы Империясы әскерінің қылышы мен қанжар қажеттілігі мәселесін шешу үшін Чанаккаленің Бабакале ауылына Қазақстаннан ұсталар алғызған. 1700-ші жылдары Бабакале қорғанының құрылысы біткеннен кейін аскерді қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан темірден түйін түйген небір шебер ұсталарды алғызып, қанжар-қылыш жасатқан. Әрі бұл қылыш пен қанжарла Сирия мен Мысырға дейінгі көптеген жерлерге де жіберілген. Бүгінде бабадан мирас боп қалған бұл ұсталық кәсіпті Түркияда Доған Тосын мен оның немере ағасы екеуі ғана жалғастырып келеді. «Бабакале пышақтары» деген атаумен мәшһүр болған бұл пышақтарды Түркияда осы екі ұста ғана жасап шығаруда. Доған Тосынның айтуынша, алғаш қазақ ұсталары келген кезде бұл ауылда 18 ұстахана көрігін қыздырып тұрған. Кейін оқ-дәрі мен мылтық шыққан соң бұл ұсталық тоқтай бастаған. Тек өздерін сол ұсталардың ұрпағы санаған бұл екі ұста бабадан қалған мирасты үзбей, пышақ жасаумен жалғастырып келеді.

«Бұл өнер осы күнге дейін атадан балаға берілу арқылы жетті. Мен де қазақтың бір ұрпағы ретінде қылыш-қанжардың жалғасы ретінде пышақ пен кездік шығарумен айналысамын. Менен басқа бұл өнерді жалғастырып келе жатқан немере ағам бар. Осылайша 300 жылдық дәстүрлі өнерімізді үзбей сақтап келеміз. Қолтуындыларымыздың көлемінің ғана өзгергені болмаса, бабаларымыздың қолтаңбасы сол күйі сақталған дей аламын. Қылыш пен пышақ бірдей ерекшеліктерге ие. Былайша айтқанда, пышақтарымыз сол заманғы қылыштардың кішкентай түрі ғана. 300 жыл бұрын қылыш үлгілерін біз бүгінгі таңда пышақ көлемінде шығарудамыз. Екі ұстаханамызда да сол мәдениет пен сол дәстүрді сақтап келеміз. Халықтың бұл пышақтарға деген қызығушылығы бізді қатты қуантады. Өзімнің ұстаханамда 11 жасымдағы ұлыммен жұмыс істеймін. Бұл бабадан қалған өнерді қазір ұлыма да үйретудемін. Оның да бұл өнерге махаббаты бар. Қазір жалғыз өзі-ақ пышақ жасап шыға алатындай дәрежеге жетті», ­- дейді Доған Тосын Анадолы ақпарат агенттігіне сұхбат берген.

Бұл пышақтардың тағы бір ерекшелігі – ұсталардың бабадан қалған дәстүрді жалғастыру үшін жаңа технологиялардың орнына үш ғасырлық бұрғыларды қолдануында. Бұл бұрғылар кезінде қылыш пен қанжарлардың саптарын тесу үшін пайдаланылады. Сондай-ақ пышақтардың сабы ағаштан емес, қойдың, ешкінің және киіктің мүйіздерінен жасалады. Ал пышақтың өзі болаттан соғылады.  

Салтан САЙРАНҰЛЫ

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары