Бүгін , яғни ақпан айының 16 -күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаның бұйрығымен Жаңаарқа ауданы, "Халық" мешітінің бас имамы болып Қанай Асхат мырза тағайындалды. Қасиетті жұма күні ҚМДБ - ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы мырза жамағатқа жаңадан тағайындалған бас имамды ресми түрде таныстырып, жұма намазына жиналған халыққа уағыз насихатын айтты. Құран оқылды.
Пікірлер