Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе елді мекенінде Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық мұражай жұмысымен танысты.
Мұражайда С.Қондыбай шығармаларындағы қазақ фольклоры мен халықтың таным-түсінігінен хабар беретін бейнелер қойылған. Қазақ хандығының тарихынан сыр шертетін дүниелер де мұражайдан орын алған екен.
Бас мүфти «Әзірет Сұлтан» мешітінде Ислам тарихы мен салт-дәстүрімізден сыр шертетін арнайы мұражай-көрме ашылатынын атап өтті.
muftyat.kz
Пікірлер