Ибрахимнің тұсауын Карина ұстаз кесіп, бүлдіршіннің алғашқы қадамдарына куә болды. Болашақта осы ұстаздары екілді адал еңбек етіп, Алла жолында жүрсін деген ниеті бар. Шашу шашылып, барлық салты жасалды. Бүлдіршіннің алдына қойылған табаққа қасиетті Құран Кәрім, тәспих және қамшы мен ақша салынған болатын. Кішкентай бүлдіршін қамшы таңдаған екен. Асыл дініміз бен ұштасқан әдемі салт-дәстүрімізді осылайша орындап, имам Құран оқыды. Тұсау кесер салтын атап өтуге бүлдіршіннің ата-аналары мен туған-туысқандары да жиналып, мәз-мейрам болды.
Пікірлер