Қарағанды облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен өткен қалалық «Бала қажы» мешітінде қарттарға ас беріліп, асыл қазыналарымыз үлкендерімізге сый-сыяпатттар табыстылды. «Пайғамбар (с.а.с.): «Кіші үлкенге сәлем беру керек», – деген.
Пайғамбар (с.а.с.) үмбетіне айтқан өсиеттерінде үлкендерді сыйлап, жастарға мейірімді болуды тапсырған. Құрметті ата-апалар, бұл бір күндік шара ғана емес, сіздер әрдайым біздің назарымыздасыздар.Ұрпақ-жұрағаттарына ұлағатты өнегенің үлгісін көрсетіп, ұзақ жасай беріңіздер»,- деген екен.
Қарағанды облысы өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы өз шәкірттері арасындағы қарт әжелерге арнайы сый сияпаттармен құрмет көрсете келе: «Пайғамбар (с.а.с.): «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», – дейді. Адамдардың қарттарын қадірлеуі уахимен бекітілген. Пайғамбар (с.а.с.): «Жебірейіл періште маған үлкендерді алға шығар деп бұйырды», – деген. Қарт адамдарға құрмет көрсету-ізгілікке жетелейтін қадам делінген. Біз әркез қарияларымызбен аналарымызды сыйлап, дәстүр сабақтастығын сақтап келеміз. Аталарымызбен аналарымыз аман болсын» деген тілегін айтты.
Әрқайсысы жеке-жеке сыйлық-сияпатқа ие болған қариялармен әжелер де өз кезегінде имамдарға, мешіт қызметшілеріне алғыс айтып, ақ баталарын берді.
Пікірлер