Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Қарағандыда діни мәселелер бойынша семинарлар өткізді (ФОТО)
03 қазан, 2018 жыл 415 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қаласында 2 қазан күні діни мәселелер бойынша IRG мүшелерін оқыту және қайта даярлау курсының екінші семинар сабағы өткізілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти  Әділбаев Алау Шайқымұлы Қарағанды облысы бойынша арнайы сапарда болып, діни мәселелер бойынша мамандар даярлауға арналған сабақтар өткізді. 

Семинарда  Ә.Әділбаев пен З.Сәттағанованың Ислам тарихы негіздері және діннің Қазақстанда таратылуы жайлы сөз қозғалды. Дәстүрлі дініміздің мән-мағынасына тереңірек үңіле отырып, дінімізді қазақы дәстүрлерімізге ұштастырып, әдет-ғұрып пен салтымызға ерекше мән берілу қажеттілігі айқындалды. Аталмыш семинар елімідің үш облысы, яғни, Қарағанды, Өскемен, Павладар облыстары бойынша жергілікті жерлердегі діни мәселелерді шешуге бағытталған. Діни сауатты, еліміздегі діни ахуалды толыққанды түсінетін, жамағаттан түсетін барлық  діни сұрақтарға жауап бере алатын мамандар дайындауға арғалған семинар сабақтары 7 күнге жалғасады.

Сонымен қатар, семинардың соңында Дінаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры - Г.Раздыкова практикалық сабақ өткізіп, Гүлназ Мақсұтқызы сабақтан кейін дәстүрлі емес ислам дінін ұстанатын әйелдермен кездесулер ұйымдастырды. 

Курс  барысында әртүрлі  сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Игілігі мол шарадан әркім өзіне керекті ақпаратпен танысып,  білмегенін толықтырып қайтты.

ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары