Жезқазған қаласында «Фурқан» қоғамдық бірлестігі және «Әйел қыздар» секторының, сондай-ақ, Талипбекова Рахима ұстаздың ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында Құран жарысы болып өтті. Сайыс соңында қатысушыларға жүлделі орындар табысталып, ынталандыру сыйлықтары берілді. Жоғары деңгейде өткен жарыста ҚМДБ- ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел қыздар» секторының өкілі Бакирова Арай Серғалиқызы әділқазылар алқасынан орын алып, өз бағасын беріп, әйел жамағатына уағыз - насихат айтып, батасын берді. Алдағы уақытта да, осы сынды көптеген шаралар ұйымдастыру жоспарға алынды.
Пікірлер