Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды қаласы «Бала Қажы» мешітінде әйел жамағаты арасында «Құран аль-Фажр» атты рухани кеш ұйымдастырылды.
19 қаңтар, 2019 жыл 993 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды қаласы, Бала Қажы мешітінде ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  әйелдер- қыздар секторының жетекшілігімен және Жикенова Бақыткүл, Тапина Карина, Карсембаева Жадыра ұстаздардың ұйымдастыруымен «Құран аль-Фажр» атты әйелдер жамағаты арасында рухани кеш өткізілді.

Рухани кешті өткізудің басты мақсаты: әйелдер жамағатына:«Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер» Ағраф сүресі, 204 аятына сүйене отыра,  Құран Кәрім оқудың артықшылығы, сауаптары, құранды дұрыс жаттаудың жолдарын, ғұламалардың Құран Кәрімге деген махаббаты мен қызметі жайлы уағыз айтылып және «Усуль ад-дин», «Танбиһ аль-ғафилин», «Шарх тағлим аль-мутағаллим» атты кітаптардан қосымша мәліметтер берілді. Кеш барысында викториналық сұрақ-жауап ойнатылып, қатысушылар көкейінде жүрген көптеген сұрақтарына жауап тауып ризашылықтарын білдірді. Сөз соңында құран бағышталып, дұға оқылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары