Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ХАЛАЛ ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚАТАРЫ ТАҒЫ БІР КӘСІПОРЫНМЕН ТОЛЫҚТЫ
13 қыркүйек, 2019 жыл 273 Басып шығару нұсқасы

«Курочка ряба» тауарлық белгісімен танылған «Capital projects LTD» ЖШС халал сертификатына ие болды. Сертификатты наиб мүфти Бауыржан Есмахан ресми түрде табыстады.   

«Capital projects LTD» ЖШС кәсіпорыны 2012 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп, 2014 жылдың екінші жартысында өнімнің алғашқы партиясын өндірді. Жылына 20 000тонна құс етін шығаратын  кәсіпорында 730 адам жұмыс істейді. Құс фабрикасы бірнеше жеке цехтардан тұрады. Атап айтқанда, құс сою пункті, құс етін өңдеу учаскесі мен шұжық цехтары. Құс сою пунктінің жалпы аумағы 9270,4 шаршы метрді алып жатыр.

Бір айға созылған тексеріс жұмыстарында құс сою пункті, шұжық цехы, құстарға берілетін құрама жемдер құрамы тексерілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-гигиеналық, қауіпсіздік жағдайлары да қадағаланып, қасапшылары мен технологтарынаоқу-семинар жұмыстары жүргізілді.

https://www.muftyat.kz/kz/news/18189

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары