Тілдік нұсқа
Радио

Фото

"Салкен молда" мешітінде сауапты іс жасалды
27 мамыр, 2020 жыл 456 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті ораза айт мерекесінде қайырымдылық шаралардың жалғасы қала іргесіндегі Шахан кентінде кеңінен атқарылды. Отыз күн оразаның соңынан мерекеленетін айт күнінің құрметіне мешіт имамы Амирханов Сырым кент тұрғындарына отыз қоржын таратты. Азық-түлікпен қосымша бір жарым жасар сиыр етін осы отбасыларға теңдей бөліп үлестірді. Айт сыйлығын алған кісілердің қатарында үй жағдайында отырған қарт кісілер де қамтылды. Сырым имам өзі бастап қариялардың отбасында қонақта болып, айт мерекесімен құттықтап сұхбаттасты. Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, осы кентте әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мешіт тарапынан көрсетілетін көмектерден тыс қалған емес.  

Шахан кентіндегі "Салкен молда" мешіті сауапты істерді діни ағарту жұмысымен қатар жүргізіп келеді. 

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары