Өмірдің рухани өзегі – отбасы. Мұндағы негізгі мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру, ондағы жандардың құқығын қорғау. Осы мәселе боынша бүгін Қарағанды облысы Мамандандырылған Күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінде ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы кездесу өткізді. Аталмыш кездесуде мекеме қызметкерлеріне отбасы мәселелері жайында насихат жүргізілді. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлерінің қызметтік маңыздылығы мен жауапкершілігі айтылды. Қоғамда орын алып жатқан жайттар мен туындаған мәселелердің алдын алу шаралары айтылды.
ihsan.kz
Пікірлер