Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен бүкіл әлемде етек алып бара жатқан, қоғамның санасын улап, жарға соққан жат ағымдардың алдын алу мақсатында жат ағымға қатысты онлайн жиын өтті. Жиында жат ағымммен жұмысты нығайту, жат ағым өкілдеріне қатысты уағыз-насихаттар мен түсіндіру жұмыстарын қарқынды дамыту мәселелері қаралды. Аталмыш салада жұмыс істеп жүрген дін өкілдеріне, теолог мамандарға, жат ағыммен күрес ісінде ұсыныстар айтылды. Біршама жоспарлар құрылды.
ihsan.kz
Пікірлер