Жаңа оқу жылының қарсаңында мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің кыздар жамағаты «Қуаныш сыйла» қайырымдылық іс-шарасын жүзеге асырды. Игі шара Қарағанды обысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қолдауымен іске асты. Берекелі шарада көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға және ата-ананың қамқорлығынан ерте айрылған жетім балаларға қолдау көрсетіліп, жалпы айтқанда 41 мектеп сөмкесі үлестірілді. Игі шарада қолдау алған жандар акцияны ұйымдастырып, ат салысқан қыздар жамағатына және демеушілік көрсетіп, қолдау білдірген барша жомарт жандарға алғыс білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі (фото)
ihsan.kz
Пікірлер