Бүгін Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы «Әнет баба» мешітінде қызмет атқарған Дәуренбеков Қанат Тұрпанұлына дін саласында атқарған жұмысы үшін алғыс хат табыстады. Облыстық мешітте біршама жыл қызмет етіп, құлшылық ордасының кем-кетігін жөндеп, жыртығын жамап келе жатқан Қанат Тұрпанұлы осы мешіттің іс басқарушысы қызметін адал атқарып келеді. Алла үйінің абыройын ақтап, қарашығындай аялап келе жатқан ағамыздың ерен еңбегін ескерген Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы ерекше алғысын білдіріп, батасын берді. Сондай-ақ, Қасиетті Алла үйінде талай шәкірт тәрбиелеп, қазақтың қара көз қыздары мен ақ жаулықты аналарына, әйелдер жамағатына рухани шаралар мен игілікті жобалар ұйымдастырып, асыл дініміздің жандануына ерекше үлесін қосып жүрген Арай Серғалиқызының ерен еңбегі ерекше. Осы орайда облыс бас имамы «Әйел қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша жауаптысы әрі облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызына алғысын білдіріп, мадақтама қағазын табыстап, дін қызметкерлерінің алдағы сауапты қызметтеріне сәттілік тілеп, батасын берді.
ihsan.kz
Пікірлер