18 қазан күні, барлық қазақстандықтардың жүректерінде жылылық ұялатып, мерейлі істерімен баянды болған ерекше мереке Рухани Келісім күні. Бірнеше жылдың ішінде, бұл мереке дәстүрге айналғаны анық. Мерекелік «Рухани келісім күніне» орай, бүгін Қарағандыда салтанатты шара өтті. Облыстық әкімдіктің басқарма басшылары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі, діни бірлестіктер, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, елдегі діни, рухани келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін бір топ сала мамандары марапатталды. Еліміздегі рухани келісімнің тұрақтылығына үлесін қосқаны үшін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жыл» мерекелік төсбелгісімен наградталды. Арнайы мерекелік төсбелгіні облыс бас имамына облыстық дін істері басқармасының басшысы Дулат Қанышұлы Халел мырза өз қолымен табыстап, ерен еңбегі үшін айрықша алғысын білдірді.
Қасиетті Құранда бірлік туралы бірнеше жерде баяндалып, көрсетіледі. Соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистерінде де барша адамзаттың ауызбіршілігін уағыздаған. Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділдік болуын көздейді. Адамды соған тәрбиелейді. Олай болса, біз таза діни істерден өзге осындай ұлы мұраттарды да нысана етуіміз керек.
Халықаралық Рухани келісім күні — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі. Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн — қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні».
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер