Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешіті Қазақстандағы жалпыұлттық қасиетті нысандар мен кешендердің тізіміне енген тарихи, әлеуметтік маңызы зор нысан болып табылады. Халықты имандылыққа үндейтін бұл мешіттің салынуына 1849-1853 жылдар аралығында Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған Құнанбай Өскенбайұлы орасан еңбек сіңіргендіктен «Құнанбай қажы» мешіті атанып кеткен. Еліміз бейбіт күнге қолы жетіп, ел еңсесі тіктеліп, ҚМДБ-ның да асыл дініміз үшін еңбек етіп келе жатқанына отыз жыл толды. Осы отыз жыл ішінде көптеген мешіттер салынды. Діни басқарманың отыз жылда отыз игі іс-шара бастамасы аясында Қарағанды обысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен Қарқаралы ауданы Құнанбай қажы мешітінде қалпына келтіру (реставрация) жұмыстары жүргізіліп жатыр. 160 жылдан астам тарихы бар Құнанбай қажы мешіті - тек өткен ғасырдан көрініс беретін діни орын ғана емес, сондай-ақ ұлы тұлғалардың өмірінен сыр шертетін бірегей құрылыс нысаны болып табылады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер