Ислам діні – бейбітшілік, амандық деген ұғымдарды білдіреді. Алла тағаланың өзінің соңғы елшісін жіберудегі мақсаты қасиетті Құранның «Әнбия» сүресінің 107-аятында былайша баяндалады: «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік».
Расында, біз кешегі аумалы заманда қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр етіп, азаттықтың ақ таңын атырған халықпыз. Сондықтан да тәуелсіздік, бірлік, бейбітшілік, татулық – ұлтымыз үшін ұлы ұғым, қастерлі сөз. Бүгін Қарағанды облысына қарасты Жайрем кенті мешіті «Рухани келісім» күні ауылдың ең үлкен ақсалы мен жалғыз басты басқа ұлт өкілі, үлкен жастағы апаға қайырымдылық жасады. Игі шара облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен, Жайрем кенті мешітінің имамы Ақмағанбет Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Ата-бабаларымыздың асқақ арманы мен өр рухының, иманға берік мұсылмандығының арқасында келген тәуелсіздік – Алланың бізге берген сыйы һәм нығметі. Жаратушы Раббымызға сансыз шүкірлер айтамыз, егемендігімізбен бірге дініміз де өркендеп, елімізде еңселі мешіттер мен медреселер бой көтерді, әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, экономикамыз даму үстінде. Ендеше, халықтың әл-ауқатын бұдан әрі көтеру үшін бізге ең әуелі бірлік ауадай қажет. Өйткені бейбітшілік – біздің бақытымыз бен баға жетпес байлығымыз.
Пікірлер