Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы қызметтік сапар бойынша Абай ауданына ат басын бұрды. Аймақтағы мешіттің имамы Аманбол Рымқұлұлы облыс бас имамына мешіттің тыныс-тіршілігін таныстырып, жаңалығымен бөлісті. Ғимараттың ақпарат бұрышының уақытылы ауыстырылып тұруына, тазалық жұмыстарына, кіріс-шығыс құжаттарына және облыс тарапынан беріліп жатқан тапсырмалардың орындалуына бақылау жұмыстарын жүргізді. ҚМДБ-ның отыз жылдығына орай «отыз жылда отыз игі іс шара» аясында Абай ауданында көптеген игі ісшаралар мен қайырымдылық шаралары да жүзеге асырылды. Аудан мешітінің тыныс-тіршілігінен хабар алып, бақылау-басқару жұмыстарын жүргізген облыс бас имамы аталмыш мешітке оң бағасын беріп қайтты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер