Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей бақылау-басқару жұмыстары бойынша Бұқар жырау ауданына қарасты Ақтөбе ауылына барып қайтты. Аталмыш аймақты жергілікті жамағатымен кездесіп, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Дін қызметкерлерінің қызметі мен жұмыс барысын қадағалап, қысқы дайындығын пысықтады. Сонымен қатар, діни басқарманың 30 жылдық мерей-тойына орай 30 игі іс-шара тақырыбына байланысты жүргізіліп жатқан мешіттің жөндеу жұмыстарымен танысты.
ihsan.kz
Пікірлер