ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Жезқазған қаласына барған қызметтік іс-сапар барысында «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде аймаққа қарасты имамдарға және жергілікті ақсақалдар алқасына, зиялы қариларға жиын өткізді. Жиын барысында облыс бас имамы жиналған қауымға қазіргі діни тұрақтылық пен татулық және ынтымақ жайында,сондай-ақ, өскелең жас ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық ізгілік жөнінде уағыз-насихат айтты. Дін қызметкерлерінің де тарапынан тундаған мәселелреге тоқталып, ұсыныстарды қарастырды. Ақсақалдар алқасының көкейде жүрген түрлі сұрақтарына жауап беріліп, мәселелер талқыға салынды.
ihsan.kz
Пікірлер