Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Ұшыр таратылды
16 қараша, 2020 жыл 552 Басып шығару нұсқасы

Хадисте: «Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді, көмек беруге қашан да дайын болыңдар, дұғаларың қабыл болады» - делінген.

Зекеттің түрлері бар, солардың бірі – ұшыр. Ұжыр – егін мен жеміс өнімдерінен беріледі. ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Джаримбетов Мұхиттың және облыстық «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен 6 тонна ұшыр жиналып, әрбір көмекке мұқтаж отбасыға бір қаптан пияз, картоп және сәбіз үлестірілді. Қыс мезгіліне орай, өз уақытына сай ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде жүзеге асып, көптеген жанұяға қуаныш сыйлады. Қысқы азық үлестірілген отбасылардың қатарында көп балалы жанұялар, жалғыз басты аналар, жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Осындай игі істі ұйымдастырған облыстық мешітке және «Зекет» қоры өкілгініне тұрғындар үлкен алғыстарын жеткізді. Алла жасаған әрбір ісіміздің сауабын еселеп жазғай! Әумин!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары