Ислам діні адамдарға жанашырлық танытып, мейірімділікпен қарау, көмек қолын созуға үндейді. Осы орайда, қыс мезгілінің келуімен, Теміртау орталық мешіті мен «Sauap» еріктілер орталығы бірлесіп «Тегін такси» қайырымдылық жобасын бастады.
Ізгі іс-шара аясында қыстың аязды күндері мешіт жамағаттары Теміртау қаласының тұрғындарын көліктерімен тегін тасымалдайтын болады.
Осы сауапты шараның өміршең болуына атсалысып, қол ұшын берген Теміртау тұрғындарына алғыс айтамыз! Алла разы болсын!
ihsan.kz
Пікірлер