Еліміздің Ұлық мерекесі тәуелсіздік күні қарсаңында Жаңаарқа аудандық кітапханасында қазақтың бас қаыны Абай Құнанбайұлының 175 – жылдығына орай кездесу болып өтті. Дөңгелек үстелде ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, Жаңаарқа ауданының имамы Қанат Асхат және аудан кітапханасының меңгерушісі Гүлзат Жұмасейіт қатысты. Сондай-ақ, аталмыш кітапхананың тұрақты оқырмандары ат салысты. Бабамыздың мерей-тойына орай өткен іс-шарада пікірталас өрбіп, облыс бас имамы аудан кітапханасын аралап, ойшылдың шығармалары жинақталған кітаптарды тамашалады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер