Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің дәстүрлі бағыттарының бірі – қайырымдылық екені белгілі. Теміртау орталық мешіті мен «Sauap» еріктілер орталығының ұйытқы болуымен «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шара барысында мешіт имамдары мен еріктілер тұрмыс жағдайы төмен 30 отбасыға арнайы азық-түлік себеттерін (ұн мен макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, қант, сұйық май, шай) үлестірді.
«Асыл дініміз бізді мейірімділік танытып, қайырымдылық жасауға шақырады. Осындай қиын-қыстау кезеңде бір-бірімізге жанашыр болайық!», деді Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы
Пікірлер