Биылғы еріктілер жылының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Осы игі бастама аясында шаһарымызда еріктілердің ат салысуымен көптеген қайырымды істер мен шарапаты мол шаралар жүзеге асты. Осындай істің бірі бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторы және қала еріктілерінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Жалпы Ислам діні – тазалыққа негізделген дін. Мұсылман – таза адам деген сөз. Таза адамды Алла да сүйеді әрі жұрт та жақсы көреді. Раббымыз Құран Кәрімде былай дейді:
“Алла көп тәубе еткендер мен жақсы тазаланғандарды сүйеді.”[1]
Алланың сүйікті құлы болу үшін тазалыққа ерекше мән беруіміз керек. Сүйікті пайғамбарымыз: “Тазалық – иманның жартысы”[2] дей отырып, дініміздегі тазалықтың маңызын білдірген.
Осы орайда еріктілер тобынан құралған жастар облыстық мешіттің айналасын қалың қардан тазартып, ішіне тазалық жұмыстарын жүргізді. Игі іс барысында «Жастар ісі» секторының облыстағы өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы жастарға уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп, пікірталас пен сұрақ-жауап отырысын жүргізді. Жастарға арнайы дастархан жайылып, ыстық ас беріліп, соңында Құран оқылып, бата берілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер