Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Абай ауданы: Марқұм кеншілерді еске алу шарасы өтті
11 қаңтар, 2021 жыл 485 Басып шығару нұсқасы

Ел үшін қажырлы  еңбек етіп, шынайы бейнетпен келген нанның дәмін татып жүрген бүгінгі кеншілердің қызметі – нағыз адал жұмыс. Жер бетінен бірнеше шақырымдап жер астына түсіп, өз денсаулықтары мен өмірлерін бәйгеге тіккен кеншілер көптеген қиындықтарды артқа қалдыра отырып, қара алтынды шынайы маңдай терімен игереді.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылдың қаңтар айында   шаһарымызға қарасты Абай шаһтасында жарылыс орын алып, 30 кенші дүниеден озған еді. Бұл оқиғаның  елімізге қаралы күн болып енгізілгеніне бүгінде он үш жыл толып отыр. Осы орайда, кеншілерді еске алып, рухтарына арнайы Құран бағыштау мақсатында облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен  бүгін Абай ауданы әкімі Бауыржан Асанов және қала имамы Аманбол Рымқұлұлы марқұмдарды зиярат етті. Еске алу шарасында марқұмдардың туыстары мен жора жолдастары және «АрселорМиттал Темиртау» АО басшылары қатысты.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары