Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен республикалық «Тайқазан» жобасы аясында ҚМДБ «Қайырымдылық жаршысы» атты қайырымдылық марафоны Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде өз жалғасын тапты. Қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған 35 отбасыға азық-түлік ретінде жәрдем көрсетілді.
Аталмыш іс-шараға «Бала қажы» қалалық мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлы мен жергілікті мешіт имамдары қатысып, әр мұқтаж отбасыға азық-түлік қоржындарын таратты.
Ihsan.kz
Пікірлер