Қарағанды облысына қарасы, Абай ауданы, Топар кенті мешітінде көшпелі жиында имамдар бас қосты. Жиында Абай ауданы орталық мешіті имамы А.Р.Мукаев ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының ыстық сәлемін жеткізіп, ҚМДБ-ның бекітілген жеті бағытына жеке жеке тоқталып пысықтап өтті.. Имамдарға жүктелген тапсырмалардан кейін, жиын соңында ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, найб мүфти Ершат Ағыбайұлының Құран кітаптарын үлестіріліп берілді. Сонымен қатар, ұзақ жылдар қызмет еткен имамдардың ерен еңбегін бағалап, Абай ауданы имамы атынан алғыс хат табысталды.
ihsan.kz
Пікірлер