ҚМДБ тарапынан бегітілген жеті бағаның бірі де бірегейі – рухани тәрбие, «Ихсан ілімі» бағыты. Осы бағытта жүйелі жұмыс көрсету үшін ҚМДБ ның Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, облыс бас имамы Өмірзақ қажы Казкенұлы бірталай тапсырмаларды жүктеген болатын. Соның бірі, халыққа «Ихсан» тақырыбы аясында қамтылған мақалалар, кітапшалар мен буктемелерді жарыққа шығару ісі. Осы орайда, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жамағатқа аталмыш тақырып бойынша жазылған мақалалар жинақталған кітапшалар таратылды. Мешіт сөрелері де ихсан тақырыбы аясында жазылған авторлық жазбалармен толықты. Қалың оқырман мен жамағат назарына ұсынылған жазбалар облыс бас имамының «Ихсан ілімі - рухани кемелдену жолы» атты мақаласынан бастау алады. Айта кетейік, діни басқарма тарапынан қолға алынған берекелі іс бір жыл бойына жүзеге асатын болады.
Ihsan.kz
Пікірлер