Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ-ның Төралқа мәжілісінде қабылданған 7 бағытына қатысты жиыны өтті. Жиынға облыс имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, аудан имамдары мен діни оңалтуға жауапты мамандар қатысты. Өңірді бас имамы 7 бағытқа жеке-жеке тоқталып, алдағы атқарылатын жұмыстың бағыт-бағдарын белгілеп берді.
Сондай-ақ биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жұмыс жоспары бекітілді. ҚМДБ тапсырмаларын уақытылы орындау, айлық есептерге жауапкершілікпен қарау керектігі айтылды. Барлық бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізілетіні ескертілді.
ihsan.kz
Пікірлер