Жұма күні ұйымдастырылған ерекше қайырымдылық
Қасиетті жұма күніне орай Теміртау орталық мешітінің жанында «Кең болсаң, кем болмайсың» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Жергілікті әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында әйел жамағаты мен қайырымды жандардың өз қолдарымен пісірілген түрлі тағам түрлері, тәттілер, сондай-ақ түрлі қолөнер бұйымдары сатылды.
Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат толығымен қайырымдылыққа бағытталып, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жандардың қажетін өтеу үшін жұмсалатын болады.
«Сіздің әзірлеген тамағыңыз, жасаған бұйымыңыз арқылы бір адамның мұқтаждығының өтелуі – сауапты әрі хайырлы іс. Осындай ізгі шаралар арқылы адамдарды өзара мейірімділікке, бауырмалдыққа шақырамыз. Алдағы уақытта мұндай қайырымдылық шаралары, жәрмеңкелер қалалық әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен тұрақты өткізіліп тұратын болады», деді Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы.
Пікірлер