Қазір 13:35:13
13 Ақпан 2021
1 Ражаб 1442Хижра
Toggle navigation
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 13.02.2021 82 0 пікір
– | A | +
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Шымкент орталық мешітінде «Ақида һәм Ихсан ілімі» атты аймақтық танымдық рухани семинарына қатысты.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы сөз алып, жуырда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Ихсан ілімі бағытына мән берілгенін айта келе, осы бағыттағы насихат жұмыстарын күшейтуді айтып өтті.
Рухани бастаманы кеңінен насихаттау һәм түсіндіру мақсатында Сансызбай Құрбанұлы ақида, усул фиқһ, Ихсан ілімі мен сопылық туралы дәріс оқыды.
Семинарға қалалық дін істері басқармасы Діни мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы мамандары, мешіт имамдары мен мешіт жанындағы жеті бағытқа жауапты мамандар қатысты. Семинар барысында қатысушыларға арнайы сертификат берілді
mu
Пікірлер