ҚМДБ-ның Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен бүгін Қарағанды облысына қарасты Абай қаласы мешітінде «Ихсан ілімі» тақырыбы бойынша семинар болып өтті. Жиынға Абай ауданына қарасты барлық имамдар қатысты. Шараға Қарағанды облыстық "Әнет Баба" мешітінен арнайы қызметтік іс - сапармен келген наиб имамдар Қоныскерей Құмар және Асылхан Нұртайұлы семинарға арнайы қатысып, жиналған дін қызметкерлеріне Қарағанды облысы бас имамының ыстық сәлемін жеткізіп, жиынға қатысушыларға дәріс оқыды. Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында аудан имамдарына имамның этикасы мен тәртіп мәселесі де қозғалып өтті.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер