Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысында «Мешіт имамдарының қызметтік әдебіне» қатысты жиын басталды(ФОТО)
17 ақпан, 2021 жыл 347 Басып шығару нұсқасы

«Алла Тағала кімге жақсылықты қаласа, соған дінді терең түсінуді нәсіп етеді» (хадис).

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде барлық қала, аудан имамдарының онлаин қатысуымен «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» тақырыбына бағытталған  жиыны басталды. Жиынды ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы «Діни қызмет – мәртебелі міндет және имам-молдалардан жоғары адамгершілік құндылықтар талап етеді»,- деп бастады.

Дін қызметкерлері жұмыс барысында Алланың әмірін басшылыққа ала отырып, өмірінің барлық кезеңінде хазіреті Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін ескеріп, берік ұстанады.

Имамдар бас қосқан жиын барысында дін қызметкерлерінің  киім үлгісіне, сөйлеу әдебіне, БАҚ беттеріне сұхбат беру әдебі, мәжіліске сұхбат беру әдебі жеке-жеке түсіндірілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары