«Алаштың алты баласы бас қосса, төр-мұғалімдікі»,-деп қазақтың тұғыры биік тұлғасы Мағжан Жұмабаев айтқандай, ұстаздық ету ұлағатты іс. Себебі, ұстаз - ұлы есім! ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жанындағы «Олжас Есенұлы» атындағы қайырымдылық мекемесінің директоры, Октябрь ауданы, «Төлеутай ата» мешітінің имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлының еңбегі еленіп, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
«Ұстаз - зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті»,-деп қазақтың ойшылы Абай Құнанбаев айтқандай аталмыш мекеменің ұстаздарының ерен еңбегінің нәтижесінде Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен арнайы келіп сабақ алып жатқан бірнеше шәкірт жетістіктерге жетіп, қарилар тәрбиеленуде. Естеріңізге сала кетейік, Сайлау Жұмағұлұлы таяуда Октябрь ауданы, «Төлеутай ата» мешітінің имамы қызметіне тағайындалған болатын. Ендеше, дін қызметкерінің алдағы қызметіне береке, ұстаздық міндетіне нәтижелі жетісік тіледік.
Алла Тағала баршамыздың жасаған қайырлы амалдарымызды қабыл етіп, Өзіне лайықты құл, пайғамбарына лайықты үмбет болуды нәсіп еткей! Әмин!
НАЗИРА БАЙНАЗАРОВА
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер