Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы имамдары білімдерін жетілдіріп, арнайы диплом иеленді
23 ақпан, 2021 жыл 455 Басып шығару нұсқасы

«Ислам - тал бесіктен жер бесікке дейін ілім алуға үндейтін білім діні. Дін жолы қиын да ауыр жол. Асыл дініміздің құндылықтармен сусындап, білім жолында ізденіске түскен Қарағанды облысының дін қызмектерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Республикалық имамдарының білімін жетілдіру ислам институтының бір айлық оқуын тәмамдады. Институт қабырғасында тәлім беріп жүрген ғылым докторлары, кандидаттар мен жоғарғы білімді ұстаздардан «Құран Кәрім», «Фиқһ», «Ақида», «Ихтиляфи мәселелер», «Мазхабтар тарихы» пәндері бойынша онлаин дәріс алған имамдарға мемлекеттік үлгідегі диплом берілді. Атап айтқанда, ҚМДБ-ның Қарағанды облысыс бойынша наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы, Қарағанды облысына қарсты Топар кентінің имамы Аманжолов Ерқанат Танатович, Қарағанды қалалық "Әл Машани" мешітінің наиб имамы Смагулов Жасұлан Манатович, Кисиков Орман Оралхановичке ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  Республикалық имамдарының білімін жетілдіру ислам институтының арнайы дипломын табыстады. Алла елшісінің (с.а.с) айтқан хадис шәріптерінің бірінде. «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Алла оған жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді»,-деген. Облыс бас имамы білімдерін жетілдірген имамдардың алдағы дін жолындағы қызметтеріне бақ, береке тілеп, батасын берді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары