Биыл тұңғыш рет ҚМДБ 2020-жылды қорытындылауға арналған есепшілер жиынын ұйымдастырған болатын. ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асқан жиын барысында биылдан бастап өкілдіктерге қарасты қаржы бөлімінің маңызы мен рөлі артып, аталмыш салаға жүктелетін жүктің де ауқымды болатаны айтылды. Сондай-ақ, ҚМДБ-на қарасты өкілдіктердің қаржы бөлімінің қызмет барысын бір ізділікке түсіру мақсатында бірнеше жобалар талқыланған болатын. Осы орайда, бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облысқа қарасты қала, аудан есепшілеріне арналған жиын өтті. Басқосуға ҚМДБ-ның Қарағанды облысыс бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, «Әнет баба» мешітінің іс-басқарушысы Исатай Ельнар Дурускелдіұлы және бас есепші Булатова Рымгүл Темірбекқызы қатысты. Жиын барысында облысқа қарасты қала, аудан мешіттері есепшілерінің 2020- жылда атқарған іс-шаралары талқыланып, баға берілді. Сонымен қатар, жаңа 2021-жылға жаңа жоспарлар белгіленіп, көптеген мақсаттар алға қойылды.
ihsan.kz
Пікірлер